Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау

Мамандықты да нумерология заңына сәйкес таңдауға болады. Мысалы, туған күніңіз 23.05.1993 Саны: 2+3=5 Айы: 0+5=5 Туылған жылы: 1993=1+9+9+3=22 Жалпы сан: 2+3+0+5+1+9+9+3=32=3+2=5 Енді шыққан санымыздың тұсындағы мамандық түрін оқимыз.
1. Атқаратын қызметі: жетекшілік ету, шығармашылық жұмыспен айналысу, әртүрлі шараны ұйымдастыру. Нәтижені көзбен көруге болатын, үнемі қозғалысты, жаңа идеяларды, шешім қабылдауды, жаңаша көзқараспен қарауды талап ететін жұмыстар сай келеді.
Таңдайтын мамандықтары: менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк иесі. Мақсаты: өзін танытатын саланы іздеу.
2. Атқаратын қызметі: өзгелерге қамқорлық танытуға мүмкіндік беретін мамандықтар. Қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болуды талап ететін салаларда жұмыс істеуіне болады.
Таңдайтын мамандықтары: дәрігер, қоғамдық қызметкер, өнер қайраткері, саяхатшы, философ, халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкері, үй шаруасы, ферма иесі, актер. Мақсаты: Сезім мен қиялды шарықтата түсу. Атаққұмарлық, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлену.
3. Атқаратын қызметі: медицина саласының қызметкері, техникалық мамандықтар, өз бетінше жұмыс істеп үйрену. Ой еңбегі мен өнертапқыштықты талап ететін кез келген сала сай келеді.
Таңдайтын мамандықтары: менеджер, әскери қызметкер, кеденші, оташы, спортшы, қара жұмысшы, бизнесмен, журналист, жүйелік әкімгер. Мақсаты: Бар күшін көмек пен қамқорлыққа зәру адамдар мен іске бағыттау.
4. Атқаратын қызметі: ерекше мұқияттылықты талап ететін кез келген іс. Мұнымен қатар, күзетумен, бақылаумен байланысты қызметтер де сай келеді.
Таңдайтын мамандықтары: талдаушы, мұғалім, журналист, әкімгер, саудагер, өндіруші, емші, БАҚ өкілі, дәрігер, құрылысшы. Мақсаты: ақпаратты жинақтап, көпшілікке ұсыну. Жаңа жол іздеп, танымды кеңейту.
Ал Сіз қандай мамандықты таңдайсыз?