Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліст өңдеу өнеркәсібін дамыту мен бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Мәжіліст өңдеу өнеркәсібін дамыту мен бірқатар маңызды мәселелер қаралды

Бүгін өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі бойынша облыс әкімінің міндетін атқарушы Данияр Жаналиновтің төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін аудан әкімінің төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
-Ауданымызда өндірісті цифрландыру бойынша «РЗА-Асыл Түлік» ЖШС-де Еуропаның озық технологиялық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген болса, сағатына 5000 тонна күріш өңдейтін «Рза-Агро» ЖШС-і мен «Жанкент Агро» ЖШС-де шикізатты қабылдау, сұрыптау, кептіру және қаптау кезеңдерінде заманауи электронды басқару жүйелері енгізіліп, өндірістік тиімділік арттырылуда. Бұдан бөлек, «Қазалы» кәмпиті» цехы да өнідірісін автоматтандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жалпы, өңдеу өнеркәсібін цифрландыру арқылы ауданымыздағы өндірістің көлемі артып, шығындар қысқаруымен қоса, экспорттық әлеуетіміздің жоғарылайтыны сөзсіз. Осыған сәйкес, цифрлық технологияларды енгізіп отырған кәсіпорындармен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, оларды қолдау тетіктерін қарастыру қажет және аудандағы өңдеу өнеркәсібінің көлемін барынша арттырып, жыл қорытындысымен оң көрсеткіштерге жету үшін нақты әрі жедел шаралар қабылдауды тапсырамын, - деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мәжілісте күн тәртібінен бөлек, ағымдағы жылдың 11 айында тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Тұрғындарды жұмыспен қамту халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың маңызды бағыты екенін айтқан аудан әкімі жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша бекітілген жылдық жоспарды 100 пайыз орындап, бұған байланысты барлық шараларды қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесіне байланысты «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 айда жұмысқа оналасу көрсеткіші төмен екенін айтып, көрсеткішті толық орындамаған ауыл әкімдерін қатаң сынға алды.
Мәжілісте аудан басшысы мемлекеттік сатып алу жұмыстарында орын алған кемшіліктер, қоғамдық-саяси ахуал, азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру және Мемлекет басшысының тапсырамасы негізінде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстардың орындалуы бойынша кент қала және ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала басшыларына кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіру, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде қатаң тапсырма берді. Сонымен қатар мәжілісте берілген әрбір тапсырманың өз деңгейінде орындалуы қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
03 желтоқсан 2025 ж. 26 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 245

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031