Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы уақытта жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат берілмек

Қазақстанда алдағы уақытта жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат берілмек

Сенатор Ләззат Рысбекова алдағы уақытта елімізде сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат беру мәселесі қаралып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Сенатор "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды таныстыру кезінде қандай өзгерістер енгізу көзделгенін айтып берді. Сөзінше, заң қабылданса, "Отбасы банк" ұлттық даму институтына айналады.

"Сонымен қатар қолданыстағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкестсатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы баспананы жекешелендіруге рұқсат беру мәселесі қаралған. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж жандардың кезегін құру және жүргізу, сондай-ақ оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін жетілдіру тәртібі қаралған", – деді сенатор.

Ләззат Рысбекованың айтуынша, аталған заң қабылданса, тұрғын үйге мұқтаж жандар кезегінде тұрған азаматтар мен қандастарға табыс көлемі мен есепке тұрған мерзіміне қарамастан мемлекеттік көмек көрсетіледі. Сәйкесінше тұрғын үй кезегінде тұрғандар тіркелген мерзіміне қарай баспанамен қамтамасыз етіледі.

Сенаторлар бірінші оқылымда аталған заң жобасын мақұлдады.

17 қазан 2024 ж. 217 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031