Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр

Қазақстан бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр

Фото: ortkom
Кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмек.

Мысалы, жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй кезектілік тәртібімен жалға беріледі. Бұл ретте, жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы сатып алу құқығынсыз жетім балалар мен көп балалы отбасыларға беріледі.

«Былтыр аталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кезекте тұрған 9 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл сегіз айда 6 737 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді», - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ел бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр.
13 қыркүйек 2024 ж. 352 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930