Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй кезегі: Заң жобасында не қаралып жатыр

Тұрғын үй кезегі: Заң жобасында не қаралып жатыр

Фото: gov.kz
Былтыр елімізде 17,5 млн шаршы метр үй қолданысқа берілген. Биыл экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес, көрсеткішті 18 млн шаршы метрге дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.

Кейінгі жүргізілген статистикаға сәйкес, жалпы тұрғын үй кезегінде барлығы 648 мыңнан астам адам тұр екен. Оның ішінде:
- Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері – 26;
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 61 618;
- Көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар – 130 167;
- Халықтың әлеуметтік осал топтары – 254 471;
- Бюджеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер – 198 205;
- Жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған ҚР азаматтары – 3 812.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз тұрғын үй кезектілік тәртібімен жалға беріледі. Бұл ретте, жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы сатып алу құқығынсыз жетім балалар мен көп балалы отбасыларға үлестіріледі. Өткен жылы аталған мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде кезекте тұрған 9 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2024 жылы 8 айда 6 737 азамат тұрғын үймен қамтылды», - деді Бақытжан Жүнісбеков.

Жалпы, жыл сайын 2029 жылға дейін 10 мыңға жуық кезекте тұрғандарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатының қарауында тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы жатыр. Онда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұрын берілген жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендіру құқығын беру бөлігінде қолдау тапқан.

«Бұдан басқа, заң жобасы шеңберінде депутаттар азаматтардың сегіз санатына тұрғын үй алуға бірінші кезектегі құқық беруді ұсынды. «Отбасы Банкі» заң жобасы шеңберінде ұлттық даму институты болып қайта құрылады, оның негізгі міндеті – республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту. Әкімдіктерде бар кезекте тұрғандардың ағымдағы базасы тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асыратын «Отбасы Банкіне» берілетін болады. Кезекте тұрғандарды сатып алу және салу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету әкімдіктердің еншісінде қалады. Тұрғын үйді бөлу есепке қойылған күнге және табыс деңгейіне байланысты ұсынылып отырған түзетулермен жүзеге асырылатын болады», - деді Б. Жүнісбеков.

13 қыркүйек 2024 ж. 66 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031