Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ үлгі тұтар қолбасшы

Қазақ үлгі тұтар қолбасшы

Қадірлі ағайын!
Алаштың анасына айналған – Сыр өңірінде айтулы жаужүрек батырлар, киелі әулиелер, ғұлама ғалымдар, дана би-шешендер, арқалы ақын-жазушылар дүниеге келіп, өсіп-өнгені тарихтан мәлім. Олардың алғашқы легінде ХVІІІ-ХІХ ғасырда Сыр бойында көрініс тапқан ұлт азаттығы күресінің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы тұр десек, жаңылмаймыз.
Жанқожа – Сыр елі ғана емес, исі қазақтың мақтан тұтатын, үлгі алар азаттық қозғалысының батыр қолбасшыларының бірі. Оның есімін ардақтап, өнегелі өмір жолын терең зерделеу, зерттеу, мерейтойын лайықты деңгейде атап өту – көрегенділіктің белгісі. Жас толқын зердесіне осындай тәрбиелік маңызы зор жұмыстарды ұялатып, өткеннен өнеге алуға баулитын болсақ, болашақта рухани тынысымыз кеңіп, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта түсетіні анық.
Баршаңызды халықтың басын біріктіріп, бір мақсат жолына жұмылдыра білген тарихи тұлға, батыр бабамыз – Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай, үнемі жадымызда сақтауға тиіспіз, себебі, біз Жанқожа батыр армандаған осы күнге оңайлықпен жеткеніміз жоқ.
Байрақты батыр бабамыздың 250 жылдығы құтты болып, елімізде тыныштық пен бейбітшілік мәңгі орнасын!

Болатбек ҚУАНДЫҚОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері
15 қазан 2024 ж. 60 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031