Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баба рухы ардақталды

Баба рухы ардақталды

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдық мерейтойына байланысты өткізілетін "Ерлігі есте, төрелігінен тағылым" атты ардагер ұстаздар арасында сайыс ұйымдастырылды. Өнегеге толы шараның өтуіне аудандық "Білім беру саласының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Тартысты жарыс бір ғасырлық тарихы бар Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп төрінде өткізілді.
Тағылымы мол сайысқа 11 ардагер ұстаз сақадай сай дайындықпен келіп, жан-жақты әзірленген қорғасындай салмақты мағлұматтар келтірді.
Шара барысында қатысушылар баба ерлігі, даналығы, көрегендігі, әулиелігі жайлы бес минуттық әңгіме және Жанқожа батыр туралы көркем сөз, монолог, дастаннан үзінді, терме орындау шарты бойынша өзара бақ сынасты.
Айтулы күнде Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектеп оқушылары мәнерлеп жыр жырлап, сахналық қойылым қойды. Мектеп ауласында балалардың өз қолдарымен әзірленген туындыларынан көрме қойылды.
Маңызды шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев талапкерлерге сәттілік тіледі.
– Қайырлы күн ұстаздар қауымы. Ауданда ұлы күн басталуда. Міне баба атындағы білім ордасында Жанқожа батырдың 250 жылдық мерейтойына арналған алғашқы іс-шарасы аталып өтуде. Оның өтуіне себепкер әрине ұстаздар. Жан жақты ізденіп жүретін мұғалімдердің қоғамды бала тәрбиелеуде үлесі зор. Сыр бойы батырлар мен билерге, әулие мен әмбиелерге толы киелі мекен саналады. Қорқыттан бастап, аңыз болған данагөйлер осы жерден шыққандығы баршамызға мәлім. Сол абыздардың арасында Жанқожа батырдың болмысы бір бөлек. Баба жайлы айтылатын дүние көп. Ерекше атап өтері, 1992 жылы ат шаптырып, үлкен той жасап, арнайы кесененің құрылысы жүргізілді. Бар-жоғы үш айда тұрғызылып, пайдалануға берілді. Арнайы көше мен осы мектепке баба атауы берілді. Жанқожа батырдың 250 жылдығын ауқымды өткізу мақсатында ауданда абаттандыру, көркейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұның барлығы жақсының шарапаты іспеттес. Бабаның мерейтойына арналған игі істер ел-халықтың есінде қалары сөзсіз. Бұл ұрпаққа берер үлгі-өнеге, қағазға қатталар тарих пен тағылым. Сондықтан бабаны әрқашан қастерлеп, мақтан тұтып, оның әрбір сөзін жаттап, жұртқа жеткізу кейінгі буынның міндеті. Осындай игі істер жалғасын таба берсін, – деді аудан әкімінің орынбасары Болат Жолтаев.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдық мерейтойына арналған сайыста ақсақалдар бабаның ерлігі мен даналығынан тағылымдық әңгіме айтып, терме орындады. Өз өнерлерін жиналғандарға паш етті. Әділқазылар шара соңында барлық талапкерлерге Алғыс хат пен сый-тартуларын табыстады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
10 қазан 2024 ж. 238 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930