Анамның жолын жалғадым

Мен де анамның жолын қуып, ұстаздық жолды таңдадым. Мектептен кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетіне қабылдандым. «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды Қазалы аграрлы-техникалық колледжге жастар тәжірибесімен жұмыс жасап бастадым. 2011 жылдан бері тарих және география пәнінің мұғалімі. Колледжде жұмыс атқарған жылдары «Ш.Уәлиханов мұраларының әлемнің заманауи білім мен ғылым саласындағы маңызды орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыда алғыс хат, «ZiAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ең үздік ғылыми жоба» атты республикалық ғылыми жұмыстар байқауының дипломын иелендім. Осы орталық ұйымдастырған «Ең үздік ғылыми жоба» атты республикалық ғылыми жұмыстар сайысында ІІ дәрежелі диплом иелендім. «Үздік оқытушы – 2016» колледжішілік байқауының ІІІ орын алды.
Білім беру жүйесінің жаңа бағдарламасын дамытуға, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, озық тәжірибелер мен ғылыми шығармашылық жұмысы республикалық «1000 үздік ашық сабақ» атты жинақ кітабына енгені үшін «Ұлт ұстазы» төсбелгісі, Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында «Тарихы терең, тағылымы мол –Ұлы дала» атты ғылыми-теориялық конференциясының ІІІ дәрежелі дипломын алдым. «Модульдік – құзыреттілік тәсілдемеге негізделген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі» атты колледжішілік педагогикалық оқуының алғыс хатын, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегерімін. Qaztest.kz сайтында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген ІІ Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломын иелендім. Республикалық «Ұлт ұстазы» альманах ғылыми-әдістемелік шығармашылық журналының ұйымдастырумен, «Үздік педагог» байқауына қатыстым. Халықаралық Basic Education» білім порталының сертификатын иелендім. Қызылорда облысының білім басқармасының, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының дипломын алдым.
Ұстаз жұмысының жемісі шәкірті шыққан шыңмен өлшенеді емес пе?! Осы ретте мақтанышпен айтар студенттерім жетерлік. Бәрі де білуге, үйренуге құштар. Әрқайсысы бір төбе. Педагогтың жетістігі оқушысының жетістігі арқылы айқындалады. Осы орайда студентім «ZiAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең үздік ғылыми жоба» атты республикалық ғылыми жұмыстар сайысынан студентім Гүлнәз Қарасай ІІ дәрежелі дипломы, колледішілік Қазақ хандығының құрылуы тақырыбында ғылыми практикалық конференциясын да Гүлнәз тағы да ІІІ дәрежелі, Мақсат Байкенже І дәрежелі дипломы иеленді.
Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында Нағашыбай Жазира «Тарихы терең, тағылымы мол – Ұлы дала» атты ғылыми –теориялық конференциясының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Қызылорда облысының колледждерінің студентері мен мектеп оқушылары арасында өткен «Тәуелсіздік тағлымы» атты облыстық ғылыми-теориялық конференцияда Ақнұр Еркін алғыс хатпен марапатталды. Республикалық пәндік олимпиадасында Қазихан Әнуарбек І орын, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж суденттері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған қалалық ғылыми конференцияға қатысып, Жазира Нағашыбай алғыс хат алды. Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында Нұрхан Серікғали «Қазақстанның құқықтық жүйесі: жастар арасындағы құқық бұзушылық негізгі мәселері» тақырыбында ғылыми-теориялық конференциясының ІІІ дәрежелі дипломымен Данияр Тілектес алғыс хатпен марапатталды.
Нұргүл ӘЛМЕНОВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы