Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі

Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі

Мұғалімдер мерекесі қарсаңында Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектепте «Ұстазын ұлы тұтқан ұрпақпыз» атты кеш болды. Аталған білім ордасының 10 және 6 «А» сынып оқушылары алғашқы ұстаздары Күлшар Мәкенді құрметті қонақ етті.
«Алғашқы ұстаз» әуенімен шәкірттер кеш иесін ортаға алып шықты. Оқушылар сүйікті ұстаздарын гүл ұсынып, төрге жайғастырған соң, Күлшар апайдың өмір жолына арналған көріністі сахналады. Сынып жетекшілері Айнұр Сыдық пен Айнұр Талапбаева ұйымдастырған шара одан әрі еркін сұхбатқа ұласты.
Бала жанының бағбаны бола білген Күлшар Қалиқызы 1962 жыл 26 ақпанда Бекарыстан би ауылында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында тәрбиеленіп, 1968-1979 жылдар аралығында Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылында Үрмаш Түктібаев атындағы №24 қазақ орта мектебінде білім алған. 1979-1982 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінде оқыған. 1983-1989 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Бастауыш класс педагогикасы мен методикасы» факультетін бітірген. 1982-1997 жылдар аралығында №74 Ақбөгет орта мектебінде және №24 Ү.Түктібаев атындағы мектептерде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған. 1997 жылы Қазалы қаласы №3 «Өрімтал» балабақша гимназиясында тәрбиеші-методист болып жұмыс жасады. 1999 жылдан бастап Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Ол жоғарғы санатты мұғалім.
Еңбек жолында талай шәкірттің қанатын қомдап, қияға ұшырған ұстаз талапшылдығымен көпке үлгі бола білді. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздың жеткен жетістіктері де жетерлік. Ол қызметте жүрген кезінде аудандық «Үздік бейне сабақ» байқауында және «Оқужәне шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында өткен педагогикалық оқуда ІІІ орын иеленді. «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында екінші орын алды. Тараз қаласында өткен «Педагогика саласында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері және басымдылықтары» атты ғылыми практикалық конференцияда І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2012-13 оқу жылының қорытындысымен жоғары көрсеткіші үшін «Үздік сынып жетекші» бағамы берілді. Аудандық білім бөлімінің және Қазалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Www.45minut.kz Интернет ресурсына жарияланған еңбектері үшін Сертификат иеленді. Математика пәні бойынша ІХ шы Халықаралық Олимпиадасына жеңімпаздар дайындағаны үшін Грамотамен және Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектеп директорының «Үздік сабақ» бағамымен марапатталды. «Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары» атты мақаласы халықаралық творчестволық бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» журналында жарияланды. Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі «Тарих. Демография. Педагогика» атты ғылыми конференциясына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
«Сыр елінің ұлағатты ұстаздары» анықтамалық библиографиялық энциклопедиясына есімі енген Күлшар Мәкеннің «Қызылорда ұстазы» ғылыми әдістемелік журналына «Бүркіт» тақырыбында қысқа мерзімді жоспары жарияланды. «Өрлеу» білім ғылым технология порталының «Ұлағатты ұстаз» бағамы бойынша төсбелгі және құрмет грамотасымен марапатталды. Педагог-Республикалық озақ педагогтар порталы ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Таңғажайып дүние» байқауына оқушылар қатыстырғаны үшін Алғыс хат иеленді. Республикалық Ұлттық интернет олимпиада тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаға қатысып, жеңімпаздарды дайындағаны үшін Мадақтама берілді. «Www.Kazrio.Kz» «Жас өркен» білім мен қабілетті дамыту орталығы қолдауымен Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік сабақ жоспары» атты байқаудан І дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2019 жылы Республикалық «Жарқынның жарқын жолы» энциклопедиясының ұйымдастыруымен «Көркем жазу-көрнекілік» атты байқауынан диплом иеленді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымының құттықтау хатын алды.
Білікті де білімді ұстаздың жетістіктер қоржынында әлі талай алғыстар мен мақтаулар бар. Қайтсем балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беремін деп табандылықпен тер төккен ұстаз-ананың көңілі кеш бойы ерекше толқуда болды. Күлшар Қалиқызының ұл-қыздары алғашқы ұстаздарына құрметін әсем әнмен, әсерлі сөзбен жеткізіп, керемет көңіл-күй сыйлады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 қыркүйек 2022 ж. 465 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930