Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейі үстем мұғалім

Мерейі үстем мұғалім

Қырық жылға жуық уақыт бір білім ордасында табан аудармастан еңбек еткен Күләш Бисенді ұжымдастары сый-құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Ұлағатты ұстаз ағылшын тілі пәнінен сабақ беріп, шәкірттердің сапалы білім алуына айтарлықтай үлес қосты. Әріптестері мен оқушыларының ортасында ерекше орны бар Күләш Ертөреқызы 1980 жылы Алматының педагогикалық шет ел тілдері институтының ағылшын және неміс тілдері факультетінен жоғары білім алған. Жас маман Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Міне содан бері жүйткіген уақыт отыз жеті жылды артқа тастады. Жолдасы Қалила Ақбердиев те ұстаз. Олар отбасында екі бала тәрбиелеп, өсірді.
Күләш Ертөреқызы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жемісті жұмысы үшін алғыс арқалады. Шығармашылық біліктілігі мен кәсіби шеберлігін танытып, жоғары жетістіктерге жетті. «Ең үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі – 2008» байқауында I орын иеленгені үшін Құрмет грамотасын иеленді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ескерткіштер , ескі қалалар – сыр шертеді» атты аудандық ғылыми тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін Алғыс хат алды. «Қазақстан Тәуелсіздігі: парадигмалары мен жаhандық даму тұрпаты» тақырыбы аясында «Жас ғалым – 2011» атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға қатысып I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Аудандық «Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамытудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбындағы педагогикалық оқуда шығармашылығымен ерекшеленіп екінші орын иеленді. Білім байрағының бәсін биіктетіп, шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында теориялық білімі мен біліктілігін сарапқа сала отырып, ізденімпаздық, жаңашылдық, шығармашылық қабілетімен көзге түсіп, ерекше сабақ үлгісін көрсеткен ағылшын тілі пәні мұғалімі «Үздік сабақ» бағамымен марапатталды.
Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада порталы ұйымдастырған қашықтық олимпиадасында оқушылары 80 процентпен жоғары нәтиже көрсетіп, ұстаз абыройын асырды. Халықаралық ағылшын тілі пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадасына дайындаған шәкірттері жеңіпаз атанды. Республикалық «Ағылшын тілі Блиц» – турнирінің I дәрежелі дипломын жеңіп алды. Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «English is a world language» атты ағылшын апталығы аясында ертегілерден көрініс көрсету сайысында жүлделі I орын иеленген №17 мектептің «Bright Star» тобы мақтау қағазымен марапатталды. Пән мұғалімі Күләш Бисен болатын.
«Ustaz Tilegi» Республикалық Ғылыми Әдістемелік Орталығы ұйымдастырған Халықаралық ағылшын тілі пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздар дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Білікті ұстаздың білімді оқушылары да байқауларда бәсі биік болды. Аудандық пән олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен Назгүл Тоқсейіт жыл сайын жүлделі орындар алды. 2015 жылы өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен IV бүкілресейлік олимпиада да Кенжебай Әлім ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
2019 жылы республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңімпаз оқушылары Сухан Жібек I, Гүсезім Пірімжар II, Жұлдыз Ерпайыз II дәрежелі Дипломмен, Сымбат Жетіру III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңімпаз оқушылары Ералхан Сансызбай мен Гүсезім Пірімжар, Сардар Жетіру II, Сымбат Жетіру III дәрежелі Диплом иеленді.


Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
08 қазан 2022 ж. 552 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 82

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 129

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 138

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031