Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстаннан Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артқан

Қазақстаннан Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артқан


Дәстүрлі түрде еліміздің астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. Сонымен қатар соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.


Фото:eldala.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, жыл басынан бастап астықпен 582 маршруттық пойыз құрылып, жөнелтілген. Атап айтқанда, 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түркменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізген. Ел бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылғаны белгілі болды.

2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша астықтың теміржол тасымалы 5,4 млн тоннадан асып, оның ішінде 4,2 млн тонна экспортталғаны хабарланды.

Сондай-ақ 2,3 млн тонна астық өңдеу өнімдері тасымалданып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артық. Қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 20%-ға 1,8 млн тоннаға дейін, ал ішкі тасымалдар 9%-ға 500 мың тоннаға дейін өскен.

Айта кетерлігі, 2024 жылдың қыркүйегінде Ақтау порты арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау үш есеге-90 мың тоннаға дейін ұлғайған. Ал қазан айында 212 мың тонна тасымалдау жоспарланған.
27 қыркүйек 2024 ж. 132 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930