Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа зерттеу: Шылым шегетіндер қыздырылатын темекіге көшіп, денсаулық көрсеткіштерін жақсарта алды

Жаңа зерттеу: Шылым шегетіндер қыздырылатын темекіге көшіп, денсаулық көрсеткіштерін жақсарта алды

"Филип Моррис Интернешнл" (ФМИ) компаниясы Еуропа мен Азия елдеріндегі 37 медициналық мекемеде жүргізілген ауқымды клиникалық зерттеудің нәтижелерін жариялады.

Зерттеуде кәмелетке толған темекі шегушілер мен темекіні қыздыру жүйелерін (ТҚЖ) пайдаланушылардың денсаулық көрсеткіштері салыстырылды. Нәтижелер темекі шегуді жалғастырғандармен салыстырғанда темекіден ТҚЖ-ге ауысқандар үшін ықтимал зиянның 9 биомаркері (biomarkers of potential harm – BoPH) бойынша статистикалық маңызды оң айырмашылықты көрсетті.

Қарапайым тілмен айтқанда, биомаркерлер – денсаулығымыздағы өзгерістерді өлшеуге және сандық бағалауға мүмкіндік беретін белгілер. Көбінесе бұл биологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын қандағы немесе басқа тіндердегі немесе дене сұйықтықтарындағы молекулалар.

Фармацевтика индустриясындағы клиникалық зерттеулер секілді, ФМИ ғалымдары темекі шегуге байланысты аурулардан ағзаға ықтимал зиян келтіретін биомаркерлерді таңдады. Сол себепті бұл биомаркерлерді ықтимал зиян биомаркерлері деп атайды.

Шылым шегудің зиянын азайтуда бұрын айтылған темекіні қыздыру жүйелерінің (мысалы, IQOS брендімен ФМИ өнімдері) рөлі зор. Темекіні қыздыру жүйелерін (ТҚЖ-ны) қолданғанда пайда болатын аэрозоль құрамында зиянды заттардың деңгейі темекі түтінімен салыстырғанда орташа есеппен 95%-ға төмен.

ФМИ жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, екі жылдан астам уақыт бұрын темекіден ТҚЖ-ге ауысқан ересек шылым шегушілердің ықтимал зиян биомаркерлерінің көрсеткіштері темекі шегуді жалғастырғандарға қарағанда жақсарған. Сондай-ақ, олардың көрсеткіштері темекіні тастаған адамдардың нәтижелерімен ұқсас болғанын атап өткен жөн.

Көлденең зерттеу ФМИ тарапынан ұйымдастырылып, Азия мен Еуропаның алты еліндегі 37 медициналық мекемеде шамамен 900 ересек қатысушының арасында жүргізілді.

Ықтимал зиян биомаркерлерді зерттеу үш түрлі дені сау адамдар тобы арасында өткізілді. Зерттеудің мақсаты – темекі шегетіндер мен кемінде екі жыл бұрын ТҚЖ-ға ауысқандарға зиянды әсердің айырмашылығын анықтау. Зерттеу Жапония, Германия, Польша, Болгария, Греция және Чехияда клиникалық тәжірибеге (Good Clinical Practice) сәйкес жүргізілді.

Зерттеуге 982 дені сау ерікті іріктеліп, оның ішінде 888 адам үш топқа бөлінді:

10 жылдан астам темекі шегіп келе жатқандар;
2 жылдан астам уақыт бойы ТҚЖ қолданушылар, бірақ оған дейін 8 жыл бойы темекі шеккендер;
Соңғы 2 жыл немесе одан көп уақыт темекіні қойып кеткен, бірақ оған дейін 8 жыл темекі шеккендер.
Қатысушылар жасы, жынысы, аймағы (Еуропа/Азия), темекі тұтыну тәжірибесі бойынша сәйкестендіру үшін үш топқа бөлінді.

Медициналық мекемеге барған кезде олардың қан мен зәр талдауы алынып, ықтимал зиян 9 биомаркер деңгейін бағалау үшін функционалдық диагностикалық сынақтар жүргізілді. Сондай-ақ бірнеше қосымша көрсеткіштер де өлшенді.

Жаңа зерттеудің нәтижелері кәдімгі темекіден темекі қыздыру жүйелеріне ауысқан кезде денсаулыққа зиянды азайту әлеуетін растайтын деректерді толықтырды.

Осылайша, зерттеу нәтижелері алдыңғы зерттеулердің тұжырымдарын растайды. Яғни темекіден ТҚЖ-ға көшкен шылым шегетіндердің ықтимал зиянды биомаркерлерінің көрсеткіштері жақсарған. Сонымен қатар, темекіні қыздыру жүйесіне ауысқан ересек тұтынушылар туралы шынайы ақпарат береді. Бұл тұтынушылар зерттеу талабымен емес, өз еркімен темекіні қыздыру жүйесіне ауысқандар. Нәтижелер толықтай ТҚЖ-ға ауысудың маңыздылығын көрсетеді. Өйткені ТҚЖ-мен қатар темекі шегуді жалғастырғандарға қарағанда, ТҚЖ-ға толық ауысқандардың көрсеткіштері айтарлықтай жақсырақ болды.

Бұдан бөлек, зерттеу нәтижелері ТҚЖ-ның жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсері туралы жаңа ақпарат береді. Сондай-ақ, темекі шегуге қарағанда, ТҚЖ тұтыну тамырлардың икемділігіне (аугумация индексі бойынша өлшенген) зияны аз екені алғаш рет дәлелденді.

"Темекіден және никотиннен толық бас тарту – шылым шегушінің өз денсаулығы үшін жасайтын ең дұрыс таңдауы. ТҚЖ зиянсыз емес және тәуелділікті тудыратын никотинді қамтығанымен, біздің бүгінгі күнге дейінгі клиникалық зерттеу бағдарламамыз ТҚЖ-ға ауысқан ересек шылым шегушілерге зиянды заттар аз әсер ететінін және темекі шегумен байланысты көптеген биомаркерлердің потенциалды зиян көрсеткіштерінде оң өзгерістер көрсететінін айқындады. Бұл өзгерістер темекі шегуден бас тартқан кезде байқалатын өзгерістерге ұқсас. Кәдімгі темекіден ТҚЖ-ға ауысудың темекі шегумен байланысты аурулар қаупін төмендететіндігіне дәлелдер алу үшін ТҚЖ-ның денсаулыққа ұзақ мерзімді әсерін зерттеуді жалғастыру қажет", – деді "Филип Моррис Қазақстан" компаниясының коммуникациялар жөніндегі директоры Олжас Бибанов.

Жалпы, бұл зерттеудің нәтижелері ересек шылым шегетіндер үшін ТҚЖ темекіге лайықты балама екенін растайды. Биологиялық оң әсерлеріне сүйене отырып, ТҚЖ-ға ауысу темекі шегуді жалғастырумен салыстырғанда, денсаулыққа қаупі азырақ екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта зерттеу деректерін талдау жалғасуда, қосымша нәтижелер ғылыми конференцияларда ұсынылып, ғылыми және медициналық журналдарда жарияланатын болады.

13 қыркүйек 2024 ж. 190 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930