Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зияны аз өнім арзан болуы керек пе?

Зияны аз өнім арзан болуы керек пе?

Шылым шегу – денсаулыққа зиян! Ұлыбританияда темекі шегушілердің 57%-ы бағасы арзанырақ болғандықтан темекінің зияны аз түрлеріне көшті, деп жазады.baq.kz
Ұлыбритания тәжірибесі Қазақстанға да, темекі шегумен күресетін өзге де елдерге қызық болуы мүмкін. Себебі бұл ел өте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Тұманды Альбион шылымқорлар санын соңғы жылдары 30%-ға төмендете алды. Әрине қатаң шектеулерге қарамастан әлемде темекі шегетіндердің саны ешқандай өзгеріссіз қалатынын ескерсек, бұл – өте маңызды нәтиже.
Ұлыбританияда шектеулер мен тыйымдар зиянды азайту тұжырымдамасымен жүрді. Қарапайым тілмен айтсақ, зияны көпті зияны азға алмастыру. Тұжырымдама қағидаттары – елде жану процесі жоқ темекіге зияны азырақ балама ұсынады. Себебі темекі тұтанғанда тарайтын түтінмен бірге одан шығатын улы зат шылымқордың ағзасына түскенде ағзаға негізгі зиян келтіретінін ғылым дәлелдеген. Ал сол темекі түтінінен тарайтын улы зат – бірқатар күрделі жұқпалы емес аурудың, соның ішінде өкпе қатерлі ісігінің даму қаупінің бастауы.
Алайда, бір маңызды тетік бар. Шылымқорлардың көбіне түтінсіз баламалардың зияны аз болатыны туралы ғылыми негіздегі ақпарат алу – жеткіліксіз. Сонымен қатар темекіні алмастыратын дүниенің бағасы да арзан болуы қажет. Ұлыбритания бұл мәселені салық арқылы реттеген. Мысалы зияны көбірек өнімге көп акциз, ал зияны азырақ өнімге аз акциз салынады. Британдық тұтынушы қалауын зерттеу жөніндегі KAM Media агенттігі жариялаған жыл сайынғы есеп шылымның зиянын азайтуда баға мәселесі тұтынушылар үшін қаншалықты маңызды екенін растайды.
Сауалнама Ұлыбританиядағы 250-ден астам дүкенді қамтыған. Ал нәтижесінде сауалнамаға қатысқан саудагерлердің жартысынан көбі сатып алушылар темекіге қарағанда арзанырақ болса, никотинді жеткізудің түтінсіз жүйелерін таңдайтынын көрсеткен. Бағаның арзандығының арқасында британдық шылымқорлардың 57%-ы темекінің зияны азырақ баламаларына көшті. Ал британдық ритейлерлер 2023 жылы түтінсіз баламаны таңдайтын ересек темекі шегушілер үшін шешуші фактор ретінде бағаның қолжетімділігін атап өтті.
Сонымен қатар зерттеу 2023 жылы жыл бойы түтінсіз баламаларға ауысатын темекі шегушілер үшін қандай факторлар маңызды болады деген сұрақты қамтыды.
Әуелі сауалнамаға қатысқан саудагерлер бағаны көрсетті (57%), екінші орында – баға мен сапаның ең жақсы арақатынасын көрсетті (18%). Темекінің түтінсіз баламаларын таңдау кең талғам диапазонына негізделген (10%) және пайдаланудағы ыңғайлылық (5%) сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды иеленді.
Темекі шегушілерге биылғы жылы түтінсіз өнімді таңдауға не кедергі келтіруі мүмкін деген сұраққа тағы да баға негізгі фактор болды –британдық 10 саудагерлердің алтауы жанбайтын, зияны азырақ баламалар тым қымбат болуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген. Осыған қарамастан, респонденттердің үштен екісінен астамы темекі шегушілер 2023 жылы түтінсіз өнімдерді ең жақсы балама ретінде пайдаланады деп келіседі. Бұл ретте бөлшек саудагерлер өз тарапынан бұл ауысуды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Сауалнамаға қатысқан британдық сауда желілерінің жартысынан көбі (56%) олардың сатылымында жанбайтын, бірақ қыздырылатын өнімдер бар екенін атап өткен. Атап айтқанда темекі стиктері, олардың ұсынылған бөлшек сауда бағасы бір бума үшін 5 фунт стерлинг (2700 теңгеден астам). Бұл темекінің орташа бумасының бағасынан екі есе төмен және сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, темекі шегушілердің темекіден бас тартуы үшін салмақты дәйек болары сөзсіз.
Ұлыбританияда қазіргі таңда темекінің орташа бағасы бір бума үшін 12,73 фунт стерлингті құрайтынын ескерсек, сауалнама деректері түтінсіз баламалар бағасы жағынан қолжетімді екенін көрсетеді, бұл миллиондаған британдықтар үшін темекі шегуді жалғастырудан гөрі жақсы таңдау екені анық, - деп атап өтті зерттеу авторлары.
Айта кететін жәйт, зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» Ұлттық Қауымдастығы мен Алматы Менеджмент Университеті жүргізген студенттер арасындағы темекі шегу деңгейі туралы қазақстандық зерттеу нәтижелері сауалнамаға қатысқан қазақстандық респонденттердің көпшілігі зияны азырақ темекі өнімдері зияны көбірек өнімдерден арзанырақ болуы тиіс деп есептейтінін көрсетті.
23 ақпан 2023 ж. 452 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930