Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб АЭС салудың экономикалық артықшылықтарын түсіндірді

Халықтық штаб АЭС салудың экономикалық артықшылықтарын түсіндірді

Өңірлік Халықтық штаб Қазалы көлік-техникалық колледжінің ұжымымен кездесті ұжымымен кездесіп, атом электр станциясын салудың экономикалық тиімділігі мен Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудағы рөлін талқылады.

Кездесу барысында халықтық штаб төрағасы Ғазиз Әліш АЭС салуды қолдау бойынша ауданда халықтық штаб құрылып, түрлі сала өкілдерімен кездесуді бастағанын айтты. 

Өз кезегінде аудандық халықтық штаб мүшесі Талғат Әліпбаев:
– Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Мемлекет басшысы «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ» деді. Әрі осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қаланатынын жеткізді. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның да экономикасы күн өткен сайын мол энергияны қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алатындығын атап өтті.


Шара барысында Қазалы көлік-техникалық колледж Болат Ахметов сөз алып, «Жолдауда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі – Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу болды. Бүгінгі таңда еліміз үшін атом энергетикасын дамытудың маңызы зор. Сондықтан алдағы референдумда белсенділік танытуымыз керек» – деді. 

12 қыркүйек 2024 ж. 93 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930