Жолдау маңызды міндеттерді жүктейді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында еліміздің экономикасының барлық саласы бойынша жан-жақты деректер келтіре отырып, ағымдағы хал-ахуалына ерекше тоқталып өтті және алдағы міндеттер мен жасалатын жұмыстарды нақты айқындап берді.
Әдеттегідей барлық басым бағыттарды қамтыған кезекті Жолдауда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша Ұлттық референдумның өтетін күні нақтыланды.
Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын.
Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын.
Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл –
"Халық үніне құлақ асатын мемлекетке" тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз, - деді Президент.
Ел дамуының, халқымыздың әл-ауқатының артуына бағытталған шараларға белсене араласу, үлес қосу әр адамның міндеті. Олай болса Жолдауға қолдау білдіріп, мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттерді орындауға, Әділетті Қазақстанды бірге құруға атсалысайық!
Райымбек БӨЛЕБАЕВ,
мәслихат депутаты