Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджеттің түбі көрініп тұр: Үкімет жетпеген ақшаны қайдан алады

Бюджеттің түбі көрініп тұр: Үкімет жетпеген ақшаны қайдан алады

Коллаж: ulysmedia.kz.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан түсетін трансферттерді пайдалануды жалғастыратынын айтты, дегенмен уақыт өте келе бұл тәжірибеден бас тарту жоспарланған. Осы жылдың алғашқы сегіз айында мемлекеттік бюджеттің кірісі 94% орындалған. Алайда республикалық бюджеттің жағдайы алаңдатады, өйткені оның кірісі 84% дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кіріс неге төмендеп кетті
Байбазаровтың айтуынша, кірістер импорт пен экспорт түсімдерінің төмендеуіне байланысты азайып кеткен.

– Үшінші елдерден импорт тұрақты түрде төмендеп келеді, бұл да табыстың азаю себептерінің бірі, – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, Үкімет былтыр 590 миллиард теңге сомасындағы қарызды қоса алғанда, триллион теңгеден астам қосымша құн салығын қайтарған. Бұл да бюджеттің кіріс бөлігіне әсер еткен.

Министр тапшылықты өтеу жолдарының бірі – салықтық әкімшілендіру болатынын атап өтті.
– Біз салықтық әкімшілендіру есебінен жыл соңына дейін қосымша 900 миллиард теңге аламыз деп күтеміз, – деді ол.


Ұлттық қордан ақша алына ма?
Журналистер биыл Ұлттық қордың қаражатын тапшылықты жабу үшін пайдалана ма деп сұрады. Бұған Байбазаров жауап берді.
– Иә, біз қосымша трансферттер түріндегі қаражаттың бір бөлігін өңірлер мен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағыттауды жоспарлап отырмыз, - дейді вице-премьер.

Алайда ол нақты соманы нақтыламады.
– Әзірге Ұлттық қордан қанша ақша алынатынын айта алмаймын, бірақ бюджетті нақтылап Парламентке кірген кезде бұл ақпарат ұсынылады, – деді министр.

Министр сондай-ақ мемлекеттік қорлар мен жергілікті бюджеттердің шоттарындағы қаражатты белсенді қазынашылық басқару жоспарлары туралы айтып, Үкімет 2026-2027 жылдардан бастап Ұлттық қордан нысаналы трансферттер салуды тоқтатуға ұмтылатынын мәлімдеді.

10 трлн теңге дефицит
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров болжам бойынша республикалық бюджет кірісі 2025 жылы 15,6 трлн теңгені немесе 2025 жылы (ЖІӨ-нің 10,4%), 2026 жылы 16,7 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 9,9%) құрайтынын мәлімдеген еді. Министрдің сөзінше, 2025 жылы бюджет тапшылығын 2026–2027 жылдары жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,2%-ға және 1,9%-ға дейін төмендете отырып, жалпы ішкі өнімге қатысты 2,7% деңгейінде айқындау ұсынылады.


11 қыркүйек 2024 ж. 101 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930