Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық даму министрлігі паралимпиадашының ипотекасын жауып, 7 млн теңге берді

Цифрлық даму министрлігі паралимпиадашының ипотекасын жауып, 7 млн теңге берді

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Бүгін Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиадада күміс медаль алған әріптесі Еркін Ғаббасовты құттықтау үшін жиналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы", - делінген министрлік хабарламасында.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және «Үздік цифрландырушы» төс белдігімен марапаттады. Сонымен қатар, Министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесті және 7 миллион теңгелік сертификат табыстады.
06 қыркүйек 2024 ж. 145 0

Ақтан батырдың ақылы

12 тамыз 2025 ж. 121

Біздің ауыл

12 тамыз 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031