Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жоғары оқу орындарында жасанды интеллект оқытылады

Қазақстанда жоғары оқу орындарында жасанды интеллект оқытылады

Фото: freepik
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2029 жылға қарай Қазақстанда жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті (АИ) оқыту жүйесін 60 пайызға арттыру жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол адами капиталды дамыту үшін жасанды интеллект экожүйесін дамытуда кешенді инновациялық инфрақұрылым әзірленіп жатқанын атап өтті.

"Нұр-Әлем" мұражай орнындағы “Alem.AI” ұлттық орталығы мемлекет, ғылым, бизнес және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастық алаңына айналады. Оқытушылардың қатысуынсыз жобаларды іске асыру арқылы практикалық оқытуға негізделген peer-to-peer әдіснамасымен бүкіл ел бойынша бағдарламалау мектептерін іске қосу жоспарлануда. Бұл студенттердің өзара іс-қимылына және зерттеу тәсіліне ықпал етеді", - деп толықтырды министр.
Оның айтуынша, елімізде зерттеу орталықтарын құру үшін халықаралық компаниялармен және институттармен ынтымақтастық жасанды интеллект саласындағы ғалымдарға озық серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

"Жалпы, өмірдің түрлі салаларында жасанды интеллекті жаппай тарату бағдарламасы пысықталуда. Жыл сайын біз 10 мың талант, 1 мың АИ-маман, 100 АИ-стартап және 10 ғылыми жоба дайындаймыз деп жоспарлап отырмыз. Нысаналы индикатор АИ оқытатын жоғары оқу орындарының үлесін 2025 жылғы 20% – дан 2029 жылы 60% - ға дейін ұлғайту болып табылады", - деп жалғастырды Жаслан Мәдиев.
16 шілде 2024 ж. 395 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031