Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды

Фото: ҰОК
Даяна Федосова XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін еншіледі. Бұл туралы Туризм және спорт министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

«Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпия ойындарының кезекті жарыс күнінде де ел қоржыны жүлделер түсіп жатыр. Пара дзюдодан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Даяна Федосова бұл жолы да жанкүйерлерді жеңісімен қуантып, Паралимпиаданың қола медалін олжалады. Бұл – пара дзюдодан ұлттық құрама спортшыларының Парижде жеңіп алған екінші медалы. Кеше Ақмарал Науатбек Парижде Әнұранымызды шырқатып, ел мерейін өсірген еді. Даянаны Паралимпия ойындарының жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймын! Жерлесіміздің алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.


Айта кетейік, Даяна 2021 жылы өткен Токио Паралимпиадасына да қатысып, жүлдеге сәл жетпей қалған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ақмарал Науатбектің жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері болды.
06 қыркүйек 2024 ж. 230 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031