Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс өтті. Талқыланған мәселе қандай?

Мәжіліс өтті. Талқыланған мәселе қандай?


Жиында қозғалған алғашқы мәселелердің бірі – салық базасын ұлғайтуға байланысты берілген тапсырмалардың орындалуы мен осы мақсатта арнайы құрылған жұмысшы топтардың жұмысы жөнінде айтылды. Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап хабарлама жасады. Одан кейін аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелімі туралы айтса, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Мейрамбек Ибраимов бюджет жоспарының орындалуы мен қосымша резерв көздері туралы баяндама жасады.
Аудан басшысы бюджет түсімі бойынша белгіленген жоспардың толық орындалуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ бюджетке кіріс түсірудің жолдары өте көп екенін жеткізіп, ең алдымен салық базасын ұлғайтуға байланысты құрылған жұмысшы топтың жұмысын күшейтуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ «Туған жерге тағзым» акциясы аясында әрбір ауылда туып өскен кәсіпкер азаматтардың туған жерлеріне мүмкіндігінше кәсіп көзін ашу, салық төлеуші ретінде тіркелуін ұйымдастыру керектігін және салық салу базасын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз бюджетімізге қаржы түсіру қажетін айтты. Ал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Мейрамбек Ибраимовқа 2023 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанымен әлі де жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша берешектерін өндіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей жатқанын ескертті.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстарға тоқталды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Осыған сәйкес тазалық мәселесін күн тәртібінен түсірмей, жауаптыларға әрбір аумақ бойынша тазалық жұмысын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.

Айнұр ӘЛИ
24 тамыз 2024 ж. 502 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031