Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында салық базасын ұлғайту мәселесі талқыланды

Қазалы ауданында салық базасын ұлғайту мәселесі талқыланды

Қазалы ауданында салық базасын ұлғайту мәселесі талқыланды.
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте салық базасына байланысты берілген тапсырмаларға талдау жасалып, орындалу барысы талқыланды.
Басқосу басталмас бұрын Мұхтар Әуесұлы Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Берекет Сәрсенбаевты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Мұнан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев хабарлама жасап, салық салу базасын ұлғайтудың 2022 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша жұмысшы топтардың ІІІ тоқсанға атқарған жұмыстары мен берілген тапсырмалардың орындалуна тоқталды.
Ал, Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров «Қазалы ауданы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған салық және бюджетке төленетін төлемдердің резервтерін анықтау жөніндегі алгоритм» бойынша атқарылған жұмыстарды айтып берді.
Хабарламашылардан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты берілген тапсырмалар өз дәрежесінде орындалмай отырғандығын атап өтті. Осыған орай тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне алгоритм бойынша жұмыстарды сапалы, уақытылы орындауды тапсырды.
Сондай-ақ, салық базасын ұлғайтуға байланысты жұмысшы топтардың ұйымдастырған рейд жұмыстары нәтижелі болуы үшін олардың тиімділігіне талдау жасалу қажеттігін жеткізді.
18 қазан 2022 ж. 283 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930