Иран парламенті жаңа үкіметтің құрамын бекітті

Сәрсенбі күні Иран парламенті президент Масуд Пезешкиан ұсынған тізімдегі барлық министрлерді бекітті. Елде соңғы жиырма жылдан астам уақыттан бері алғаш рет мемлекет басшысы өзі ұсынған кандидаттардың барлығын парламент арқылы өткізді. 11 тамызда Иран президенті Масуд Пезешкиан парламентке 19 жаңа министрдің тізімін ұсынды. Сәрсенбіде Мәжіліс барлық кандидаттарды бірден мақұлдады, деп хабарлайды IRNA.
2. Саттар Хашеми – Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі: 264 дауыс
3. Исмаил Хатиб – Барлау министрі: 261 дауыс
4. Абдол Нассер Хаммати – Экономика және қаржы министрі: 192 дауыс
5. Аббас Аракчи – Сыртқы істер министрі: 247 дауыс
6. Мохаммадреза Зафарканди – Денсаулық сақтау министрі: 163 дауыс
7. Ахмед Мидари – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 191 дауыс
8. Ғоламреза Нури Казальдже – Ауыл шаруашылығы жиһад министрі: 253 дауыс
9. Амин Хоссейн Рахими – Әділет министрі: 268 дауыс
10. Амир Азиз Насирзаде – Қорғаныс министрі: 281 дауыс
11. Фарзане Садег Малвахард – Жол және қаланы дамыту министрі: 231 дауыс
12. Мохаммад Атабак – Өнеркәсіп министрі: 231 дауыс
13. Хоссейн Симаи Сараф – Ғылым, зерттеулер және технологиялар министрі: 221 дауыс
14. Аббас Салехи – Мәдениет және исламдық бағдар министрі: 272 дауыс
15. Искандар Момени – Ішкі істер министрі: 259 дауыс
16. Реза Салехи Амири – Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі: 168 дауыс
17. Мохсен Пакнежад – Мұнай министрі: 222 дауыс
18. Аббас Алиабади – Энергетика министрі: 255 дауыс
19. Ахмад Доньямали – Спорт және жастар министрі: 253 дауыс