Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елге – ырыс, жерге – тыныс

Елге – ырыс, жерге – тыныс

Облыстағы кәсіпкерліктің дамуы сан қырынан көрініс тауып жатыр. Қолдағы барды мол табыс көзіне айналдырып, ел игілігіне еңбек ету – қазіргі кәсіпкердің басты ұраны. Кәсіпкерлік саласындағы өсу өңір экономикасының әлеуетін арттырады.

Жаңа жобалар жалғасын тауып, жұмыс орындары ашылып, жұмыссыз жандар жұмыспен қамтылуда. Иә, бүгінде шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша назар аударды. Жергілікті тұрғындар арасында да кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнеске ынталы азаматтардың қатары артты. Жас кәсіпкерлерді қолдаудан бөлек, орта бизнеске арналған тиімді бағдарламалар да бар. Осындай қолдаудың нәтижесінде көкжиегін кеңейтіп отырған кәсіпкерлер де жоқ емес. Көпшілікке демеу болып, көкжиегін кеңейтуге жол ашқан бағдарламаның бірі – «Ауыл аманаты» жобасы. Басты мақсаты – ауылдағы халықтың табысын арттыру.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­шілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жобаланып, жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына барша бұқара қатты мүдделілік танытып отыр.
Айта кететін жайт, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қажетті түрлі ақпараттарға молынан қанықты. Сөйтіп, елде басталған қанатқақты жоба бүкіл өңірді қамтитын бағдарламаға айналып отыр.
Мемлекет басшысының ауылға көңіл бөлуінің арқасында бүгінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнесті бастауға мүмкіндіктер бар. Қазір өңірде осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, өз кәсібін ашып отырған жандардың қатары көбеюде. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Ғазиз Телағысұлы. Ол «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие қаражатына қол жеткізген. Қаржы сомасына Қожабақы ауылынан өндіріс көзін ашу үшін ғимараттың сыртқы қасбетіне арналған сәндік плита шығаруға қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, бүгінде оқшаулаудың синтезі болып табылатын полифасад шығаруда.
«Өндіріске бет-бұрыс жасап жатқан жергілікті тауар өндірушілеріміздің өнімдер түрлерінің пайдалануын арттыру мақсатында қолдау көрсетуге шақырамыз» дейді жауапты мамандар.
Айта кеткен жөн, Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының екінші кезеңі 12 тамыздан бастау­алады. Бұл туралы жақында онлайн-конференцияда «Байқоңыр» әлеу­­­мет­тік-кәсіпкерлік корпора­ция­сы­ның басқарушы директоры Мадали Әлішерұлы мәлімдеді. Тұр­ғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген биылғы жобаның аймағымызда жүзеге асырылуына 4,6 миллиард теңге қаржы қаралған. Осыған сәйкес, 575 жоба қаржыландырылып, 610 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
Аталмыш ұлттық жобаны өңірімізде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Тамыз айының 12-нен бастап жоба аясында құжаттарды amanatnesie.kz порталы арқылы қабылдау басталды. Бағдарлама шеңберінде барлық елді мекенді бірдей қатыстыру мақсатында қаралған қаржы әр аудан және Қызылорда қаласы бойынша халық санына қарай тепе-тең бөлініп, облыстың 146 ауылдық округтерін қамту жоспарлануда.
Ауылдардың мамандануын ескере келе несие қаржысы 4 бағытқа бағытталады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша 108 жоба қаржыландырылса, егіншілік саласында 81 жобаға қолдау көрсетіледі. Ал мал шаруашылығы бойынша 123 жоба қаржыландырылса, басқа да түрлі бағыттағы 263 жоба мақұлданбақ.
Мадали Әлішерұлының айтуынша, микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8 мың АЕК. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды.
Айта кетейік, несие алушыларға бірқатар талаптар қойылады. Несие алушы жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс. Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы, мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы, несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс, несиені кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы, құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіруі керек.
– Биыл кепілге қойылатын мүліктерді қабылдау тәртібіне өзгеріс­тер енгіздік. Енді кепіл мүлікке қойылатын талаптар толығымен алынып тасталынды. Яғни, бағдарламаға қатысу үшін кепіл мүлікке тәуелсіз бағалау жасалынып қатысуға мүмкіндік беріледі, – деді Мадали Әлішерұлы.
Бағдарламаның қалай жүзеге асы­рылатыны және несиелеудің шарт­­­тарына назар аударар болсақ, ең бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негі­зінде дамытуға басымдылық беріліп жатқаны байқалады. Бұл ретте алынған өнімнің сапасын, салмағын арттыратын өңдеу саласына қатысты жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы секілді жобалар, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау және басқа бағыттағы бизнес жобаларды қаржыландыруға ерекше мән беріліп отыр.
Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен жергілікті әкімдіктеріне өтінім білдіруі қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғы-лықты азаматы болуы керек. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пай-далануға болады. Шағын несиелер халыққа сенім білдірілген өкіл арқылы беріледі. Қаржының мақсатты жұмсалуы қатты қадағаланатын болады. Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі.
Қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып отыр. Қолынан іс келетін, дөңгелетіп отырған шаруасы бар көптеген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға барынша мүдделілік танытуда. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.
Аудан тұрғындары жаңа жобаға үмітті. Қолынан іс келетін, дөңгелетіп отырған шаруасы бар көптеген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға ризашылығын да білдіруде. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға не осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Олар жаңа жобадан игілік көріп, көкжиегін кеңейтіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, халықтың әл-ауқатының жақсаратынына бізде де сенім бар.

Айнұр ӘЛИ

13 тамыз 2024 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031