"Ақпараттық қолдау" орталығы өз жұмысын бастап, ашық есік күні өтті
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. «AMANAT» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталмыш жобаны бүкіл ел аумағында іске асыру жоспарлануда.
«Ауыл Аманаты» жобасы халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер беретін жоба. Осы мақсатта мемлекет азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие ұсынады.
Осы мақсатта бүгін, аудандық партия филиалында «Ауыл Аманаты» жобасы бойынша «Ақпараттық қолдау» орталығы өз жұмысын бастап, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында «Ашық есік» күні өткізілді.
Ашық есік күніне Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысып, Қазалы ауданы бойынша пилоттық жобаға таңдап алынған Қарашеңгел, Құмжиек, Ақжона, Аранды, Арықбалық ауылдық округтерінен жобаға қатысуға ниет білдірген ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту, бау-бақша өсіру және шағын бизнес нысандарын ашу арқылы табысты арттыру бойынша кеңестер беріп, өз ісін дамытудың жолдары жөнінде жобаның мақсатын кеңінен түсіндіріп, ақпараттар ұсынды.
«Ауыл аманаты» жобасын ауыл тұрғындарына толық ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
#AMANAT