Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиададан олжалы оралды

Олимпиададан олжалы оралды

Атырау қаласында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша ХХ Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Химия, биология, математика, физика, география және информатика пәндерінен еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 800-ге жуық дарынды да білімді оқушылар бақ сынасты.
Бұл додада Қазалы ауданының да оқушысы қатысып, олимпиададан олжалы оралды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентіндегі Нұрлан Имашев басшылық жасайтын №170 мектептің 9-сынып оқушысы Дінмұхаммед Жетпісбай география пәні бойынша ІІІ орын иеленіп, туған жерге үлкен табыспен келді. Үлкен белесті бағындырған шәкірттің ұстазы – география пәнінің мұғалімі Фарида Жәкей.
Жалпы сайыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды бірден 4 облыс: Атырау, Павлодар облыстарының, Астана қаласы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің командалары өзара бөлісті. Екінші орын Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау командаларына бұйырды. Ал, Қызылорда облысының оқушылары мен Батыс Қазақстан командалары үшінші орынға қол жеткізді.
Сондай-ақ, Қостанай облысында өткен республикалық олимпиада да тағы бір жерлесіміз қола медальді қанжығасына байлады. Атап айтар болсақ, №266 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Алишер Розметов жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша орыс мектептегі қазақ тілі пәні бойынша жүлдегер атанды. Дарынды шәкірттің республикалық деңгейдегі жоғары көрсеткішке қол жеткізуге жетекшісі Назима Алиеваның қосқан үлесі зор.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
03 сәуір 2018 ж. 2 461 0

Кемел келешек тіледі

06 қазан 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031