Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағаны негізсіз көтеру, заңсыз сыйақылар: Антикор СҚ-Фармацияның былығын ашты

Бағаны негізсіз көтеру, заңсыз сыйақылар: Антикор СҚ-Фармацияның былығын ашты

Фото: Tengrinews.kz
Антикор «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіне сыртқы талдау жүргізіп, айтарлықтай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттіктің мәліметінше, дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша аукциондардың жартысынан көбі бәсекелестік талаптарына сай емес тәсілмен өткізілген. Оған Қағидаларға енгізілген нормалар ықпал еткен. Фармацевтикалық компаниялар осы олқылықты пайдаланып, басқа жабдықтаушылармен келісе отырып, тендерлерді ең жоғары бағамен жеңіп алған. Салдарынан лоттар бойынша бағаны төмендету қамтамасыз етілмеген.

Мәселен, 2020-2023 жылдардағы аукциондардың қорытындысы бойынша үнемдеудің едәуір үлесі (81%) барлық лоттардың 8%-ы есебінен ғана қалыптасты (6513-тен 567-сі). Әрбір үшінші лотта (1969 немесе 30%) бағаның төмендеуі мүлдем болған жоқ (0-ден 30 тиынға дейін). Делдал-жабдықтаушылардың аукционның бірінші қадамына қатысудан жиі бас тартуы, оларға жұппен қатысу және «жеңістермен алмасу» картельдік келісімнің кеңінен қолданылуын көрсетеді. Бұл ойдан шығарылған бәсекелестікті құру және сатып алу бағасын ұстап тұру үшін жасалады, бұл бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі уәкілетті органның жақында жүргізген тергеулерімен расталады, – делінген Агенттік хабарламасында.

Сонымен бірге, тендерлік комиссия медициналық жабдықты сатып алу аукционына өтінімдері тендер шарттарына сай келмейтін жабдықтаушыларды жіберген. Олар бойынша сарапшылардың теріс қорытындылары мүлдем еленбеген. Құны әртүрлі, бірақ техникалық сипаттамасы бойынша ұқсас медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша 13 шарт анықталды. Олар бойынша лоттар 6,7 млрд теңгеге асыра бағаланған.

Бұл тәуекелдер логистика қызметтерін ұсынатын, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтайтын және жеткізетін компаниялар пулын қалыптастыруға ықпал еткен.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімге жасалған шарттардың ашық еместігі отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға ниеті жоқ компанияларды негізсіз байытуға әкелген. 36 отандық өндірушімен 315 млрд теңгеге 92 шарт жасалған.

Сондай-ақ, 8 отандық өндіруші қолғап, шприц, йод және тағы басқа өнімдерді өзі өндірудің орнына шетелден әкеліп отырған. Онда тиісінше бақылау болмаған, өндірушіні тауарды зарарсыздандырып, буып-түйгені үшін ғана «отандық» деп таныған жайттар да кездесті.

Персоналды басқару блогы бойынша адамдарды конкурссыз жұмысқа орналастырумен, конкурстық комиссияда тәуелсіз мүшелердің болмауымен, мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдамаумен, командалық орын ауыстырумен, қосымша ақыларды, сыйақыларды, іссапар төлемдерін, сондай-ақ СҚФ-да іс жүзінде жұмыс істемеген жекелеген қызметкерлердің жалақыларын заңсыз бекітумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, – делінген Антикор хабарламасында.

Талдау қорытындысы бойынша, СҚ-Фармацияда менеджмент дұрыс ұйымдастырылмаған, алға қойылған міндеттер тиісті деңгейде іске асырылмаған болып шықты. СҚФ іс жүзінде өндірушілермен тікелей жұмыс істемеген. Барлық жұмыс делдалдар арқылы құрылған. Олар дәрі-дәрмектерді өндірушілерден сатып алып, кейіннен СҚФ-қа барынша жоғары бағамен қайта сату арқылы байып отырған.

Сондай-ақ, СҚФ-пен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған отандық өндірушілер жалған өндіріспен айналысқан.

ДСМ 12 мамырда жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын бекітті. Осы ұсынымдардың орындалуын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бақылауда ұстайды.
23 шілде 2024 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031