Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2022 жылғы 2 наурыз - 15 сәуір аралығында «Байқоңыр Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 8-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті барлық мүдделі тұлғаларды жұмыс тобының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырады.
Облыс тұрғындарын «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын енгізуге шақырамыз.


Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін: электрондық пошта: apvo.kzo@mail.ru, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-06-30 (300), мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі 156 «А»
Барлық бейжай қарамайтын азаматтарды ынтымақтастыққа және талдау жүргізуге қатысуға шақырамыз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті


04 наурыз 2022 ж. 825 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031