Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі шалғайдағы Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі шалғайдағы Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі – Сарбұлақ ауылы. Әйтеке би кентінен 110 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Сарбұлақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Тұрғындармен кездесуге аудан әкімімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев және бірқатар бөлім басшылары бірге жүрді.
Ауылдық клубта өткен кездесуде аудан әкімі алдымен аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстармен және алдағы жоспарлар жөнінде қысқаша тоқталып өтті. Мұнан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Тұрғындардың тарапынан ең алдымен ауылдағы электр желілерінің көнергендігі, шабындық және жайылымдық жер мәселесі және интернет желісіне қатысты мәселелер қозғалды.

Айтылған әрбір ұсынысқа аудан басшысы мен тиісті бөлім басшылары нақты жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Кездесу барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сражадин Шамұратов ақсақал ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.
Кездесуден соң аудан басшысы ауылдағы №78 мектеп ғимараты, ауылдық клубтың және дәрігерлік бекет сынды әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 шілде 2024 ж. 77 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30