Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалының Қызылқұм беткейіндегі елді мекендерге барып, тұрғындармен кездесті.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев түске дейін Бозкөл ауылындағы мәдениет үйінде тұрғындарымен жүздесті.
Басқосуда Мұхтар Әуесұлы 14 тамыз күні өткен сайлауда тұрғындардың басым дауысын жинаған Ақылбек Бөлебай Бозкөл ауылының әкімі болып тағайындалғанын жеткізіп, жұмысына сәттілік тіледі.
Кәукей ауылындағы кездесуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекеннен 100 орындық клубтың құрылысы басталғанын жеткізді.
Тасарық ауылдық клубында өткен кездесу барысында аудан басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, барлық тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Үш ауылдық округте өткен кездесулерде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды екенін тілге тиек етіп, елді ауызбіршілікке шақырды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Кабизов, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Тұрғындармен кездесулерден кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекендердегі №96, №225, №238 мектептерге арнайы барып, білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
20 тамыз 2022 ж. 320 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 101

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930