Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілдеде ауа райы қандай болады?

Шілдеде ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қазгидромет шілдеге арналған түзетілген маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Метеорологтар болжамы бойынша, шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жаңбыр жауады, нөсер болады, күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстігінде құмды дауыл соғады.

Ыстық төмендейді деп болжанған:
елдің солтүстігінде, шығысында түнде + 10...+ 15, күндіз + 18...+28 градус;
республиканың орталығында түнде +10...+ 18 градусқа дейін, күндіз + 22...+28 градус;
оңтүстік-шығыста түнде +15...+ 20 градусқа дейін, күндіз + 22...+30 градус.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде +12...+17-ден +20...+28, күндіз +27...+32-ден +35...+43 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде қайтадан күн ысиды.
республиканың батысында түнде +15...+22-ден +19...+25 градусқа дейін, күндіз +28...+33-тен +33...+38 градусқа дейін;
солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7...+17-ден +15...+23 градусқа дейін, күндіз +17...+27-ден +30...+37 градусқа дейін;
оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14...+23-тен +20...+28 градусқа дейін, күндіз +30...+36-дан +35...+43 градусқа дейін;
оңтүстік-шығыста түнде +10...+18-ден +17...+25, күндіз +25...+36-дан +33...+40 градусқа дейін.
01 шілде 2024 ж. 111 0

Әкім есебі: іс пен нәтиже

14 қыркүйек 2024 ж. 33

Отбасы – ұлттың тірегі

14 қыркүйек 2024 ж. 33

Сұранысқа ие сапалы өнім

14 қыркүйек 2024 ж. 36

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30