Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – ұлттың тірегі

Отбасы – ұлттың тірегі


Жуырда Р.Бағланов атындағы мәдениет орталығының кіші залында қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күніне арналған «Мықты отбасы – мықты мемлекеттің іргетасы» атты мерекелік шара өтті.
Жиында ауданның өнегелі отбасылары қатарынан көрініп, салиқалы ұрпақ өсірген, отасқандарына елу жылдан асқан мерейтой иелеріне құрмет көрсетілді. Басқосуда ардагерлер, аудандық әйелдер және аналар кеңесінің және кенттік, қалалық, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары, құрылтай мүшелері, мектептердегі «Әкелер» кеңесінің төрағалары мен студент жастар да қатысты.
Шараның алғысөзі аудан әкімінің орынбасары Болат Әбенұлына берілді.
– Баршаңызды жылы күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Себебі, отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы, өсіп, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болсын отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды.
Халқымыздың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге деген құрмет, туған жерге деген махаббат, толеранттылық секілді барлық ізгі қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық дәстүр арқылы беріледі. Қоғамда өз орнымызды тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз. Түптеп келгенде ана тілімізге, халқымыздың ұлттық дәстүріне сыйластықпен, сүйіспеншілікпен қарау, Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету – отбасында қалыптасады. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады» ­деген даналықты халқымыз тектен текке айтпаған.
«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» демекші, мақтан етер ұрпағымыз көп болғай. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын! Осындай қуанышты күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін. Әр үйде бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен шаттық шалқысын! – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан соң бақ пен ырыс қонған әулеттің алтын қазықтары, шаттықты шаңырақтардың ардақты әкелері мен аналарына аудан әкімінің арнайы «Құттықтауы» және бағалы сыйлықтары табыстаалды.
Кештің құрметті қонақтары «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық конкурсының жүлдегерлері Байқадамовтар және Ақниязовтар отбасыларына да құрмет көрсетіліп, «Құттықтау» мен сый-сияпат берілді.
Сөз кезегі ұлттық конкурстың аудандық кезеңінің ІІ орын жеңімпазы Молдабай Ақниязовқа берілді. Ол еңбек пен тәртіп, мейірім мен махаббат, ізгілік пен парасат салтанат құрған әулет иелерін айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік кеште «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің ІІ орын жүлдегері, облыстық кезеңінің «Өнерлі отбасы» бағамының иегері Сүлейменовтер отбасы, мәдениет орталығының өнерпаздары Айгүл Маратқызы, Әбуов Жалғас, Құтмұқанов Жәнібек пен Өмірзақ Жанболат әуелетіп әсем ән шырқап, көпшілік көңілінен шықты.

С.ӘЛИҰЛЫ
14 қыркүйек 2024 ж. 337 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 162

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 150

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 141

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 207

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930