Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауалнама халықтың АЭС құрылысын қолдайтынын көрсетті

Сауалнама халықтың АЭС құрылысын қолдайтынын көрсетті

Фото: ашық дереккөзден
Электр жетіспеушілігін жойып, энергетикалық тәуелділіктен арылтатын атом электр станциясын салу туралы қазақстандықтар қызу талқылауда. СОЦИС-А жүргізген социологиялық зерттеу қорытындысы ел тұрғындарының басым бөлігі мемлекеттік маңызы бар бастаманы қолдайтындықтарын айқындаған.

Астанадағы «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 2024 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізген.
Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілген ақпараттар анықтау жұмыстарына 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысқан. 1000 респондентті қамтыған ауқымды анкетада үш сұрақ бойынша жауаптар жиналған.
«Сіз АЭС салу бойынша референдумға қатысасыз ба?», «Қазақстанда АЭС салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?», «Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?» сұрақтарына барлық қатысушы бүкпесіз, ықыласты жауап берген.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 35,6 проценті «Референдумға міндетті түрде барамын» деген. 20,2 проценті «Мүмкіндігінше баруға тырысамын» деп жауап қатқан. Бұл сұхбаткерлердің 55,8 процентін құрағанын ескерсек, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші адам референдумға ықыластылығын аңғартады.
«Референдумға қатыспаймын» деген респондеттер үлесі 12,2 процентті көрсеткен. Маңызды шараға қатысу не қатыспау туралы әлі бір шешімге келмегендер 16,6 процентті құраған.
«Бұл жаңалықты бірінші рет естіп отырмын» дегендер сауалнамаға қатысушыларының 13,6 проценті болса, «Бұл сұраққа жауап беруге қиналамын» деген тұрғындар 1,8 процент.
«Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы қандай ақпарат сізді қызықтырады?» деген сұрақта пікірлер әралуан болған.
59,5 проценті азаматтардың денсаулығына зарарлы десе, 54,1 процент қатысушы экологияға әсер етуі ықтималыдығын алға тартқан.
43,1 процент жұртшылық «Апаттардың алдын алу жөніндегі қауіпсіздік шаралары», 24,9 процент «Радиоактивті қалдықтарды басқару» 16 процент «Кадрлық әлеует» туралы АЭС-те қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты шаралары бойынша прагматикалық ойларын жеткізген.
Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдағандар қатары 60,4 процентті құраса, қатысқандардың 30,1 проценті идеяға қарсылық танытқан. Сауалнамаға қатысқан әрбір оныншы адам яғни 9,5 проценттік көрсеткіш атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Зерттеудің жалпы қорытындысы респонденттердің 55,8 проценті азаматтық ұстанымын көрсетуге белсенділік танытатындықтарын көрсеткен.
Осылайша АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 60,4 процентті көрсеткен.
Жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде әрі қарай жария түсіндіруді талап ететін экологиялық және техникалық қауіпсіздік критерийлерінің контуры межеленген. Онда халық денсаулық қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыстың техникалық жағы және атом станциясының болашақ жұмысшыларының кадрлық құрамының кәсібилік деңгейі туралы халық алаңы анықталған.

А.МЕЙІРХАНОВА
14 қыркүйек 2024 ж. 400 0

Қырмандағы қызу еңбек

20 қыркүйек 2025 ж. 162

Никабты шешуге не негіз?

20 қыркүйек 2025 ж. 150

Қайран, қарт, қорғаның кім?

20 қыркүйек 2025 ж. 141

Мейірім аңсаған ақсақал

20 қыркүйек 2025 ж. 142

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 207

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930