Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанда күн күрт суытып, бұршақ жауады

Бүгін Қазақстанда күн күрт суытып, бұршақ жауады

«Қазгидромет» 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде нөсер болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстік-шығысында 2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градус аяз, күндіз 12-17 градус жылы.
Түнде Алматы облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр, күндіз батыста, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, оңтүстік, шығыс облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 18-23 метр, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болады. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 3-8 градус жылы, күндіз 21-26, облыстың таулы аймақтарында 11-16 градус жылы.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, екпіні 17-22, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 30 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аймақтарында 7 градус, күндіз 24-29, облыстың таулы аймақтарында 20 градус жылы.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, таулы аймақтарда бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундына 23 метр болады. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың батысында 15 градус, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 19 градус жылы.
Түнде оңтүстікте, күндіз оңтүстікте, Батыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 19-24 градус жылы.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстік, батыста жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 19-24 градус жылы.
Қостанай облысының басым бөлігінде түнде оңтүстікте, облыс орталығында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ жауады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 градус, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, түнде 9-14, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 1 градус аяз, күндіз 12-17 градус жылы.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 19-24 градус жылы.
Таңертең және күндіз солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен 9-14, күндіз солтүстікте, облыс орталығында секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 22-27 градус, облыстың солтүстігінде 19 градус жылы болады.
18 мамыр 2023 ж. 444 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031