Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Қазгидромет желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік бөлігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін аяздың әлсіреуі болжанады. Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі.
Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжанады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар, республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді; Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді; елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді. Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.

03 желтоқсан 2020 ж. 1 089 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930