Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл тұрғындарына АЭС-тің маңыздылығы түсіндірілді

Ауыл тұрғындарына АЭС-тің маңыздылығы түсіндірілді

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабы төрағасының орынбасары Талайлы Бөріқұлақов пен штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев Көларық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, АЭС-тің маңыздылығын талқылады.
«Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары. Сонымен қатар станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар»,- деді Талайлы Бөріқұлақов.

Азаматтардың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сондықтан, халықтың атом электр станцияларына қатысты оң шешімі болған жағдайда Қазақстан осы салада озық технологияларды қолданатын болады. Атап айтқанда еліміз, III және III+ жаңа буынды атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл жайында штаб мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев ауыл тұрғындарына айтып берді.


Ал кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС салуды қолдау бойынша оң пікірлерін айтып, қолдауға ниетті екендіктерін білдірді.
13 қыркүйек 2024 ж. 270 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 146

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031