Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб өкілдері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

Халықтық штаб өкілдері әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті


Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қазалы аудандық Халықтық штабының төрағасы Ғазиз Әліш аудандық партия филиалына қарасты «Орталық» бастауыш партия ұйымында әлеуметтік сала қызметкерлерімен және партия мүшелерімен кездесті.

Штаб төрағасының айтуынша, атом электр станциясының құрылысы жаңа жұмыс орындарын құруда оң әсер береді.

«Еліміздегі АЭС жобасын іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді. Осыған байланысты атом электр стансасын салу әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да ең тиімді шешім болмақ»,- деді Ғазиз Әліш.


Қазір әлемде ядролық реакторлар 31 елде, соның ішінде көбі АҚШ пен Францияда жұмыс істейді. Қазіргі таңда, бұл сала белсенді дамып келеді. Бүгінде Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде атом электр станциялары салынуда. Бұл атом электр станцияларының өзектілігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

Ал жиын соңында әлеуметтік сала өкілдері түрлі салада жаңа мүмкіндіктер ашатын АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
13 қыркүйек 2024 ж. 178 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 123

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31