Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел үшін еткен қызмет – абыройлы міндет

Ел үшін еткен қызмет – абыройлы міндет

Өткен аптада ауданда екі бірдей кәсіби мереке, Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының Полициясы күні аталып өтті. Кең көлемдегі мерекелік шара Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде тойланды.

Аталған кеште аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
– Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметші болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты іс. Мемлекеттік қызметші – іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бас­таушысы. Ел тыныштығы мен бейбіт өмірі – бәрінен қымбат. Бұл тұрғыда мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.
Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа тө­теп беретін төзімділігімен ерекше құнды. Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң мерекеге орай туған жердің дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 10 жылдық, 15 және 20 жылдық төсбелгілері, облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыстады. Сонымен қатар жас мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсімі өтті.
Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздарымен қатар мемле­кеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері де өнер көрсетіп, жиылғандарға ерекше, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ сала ардагерлеріне аудан әкімінің мерекелік сый-сияпаты табысталды.
Серік АҚМЫРЗА
25 маусым 2024 ж. 236 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031