Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне орай салтанатты шара өтті

Мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне орай салтанатты шара өтті


23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан Республикасының Полициясы күні кәсіби мерекелеріне орай салтанатты шара өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен мерекелік шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
-Өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, еліміздің тәуелсіз, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына мемлекеттік қызметкерлердің қосқан үлесі зор. Ал, қоғам дамуының басты мұраты саналатын - елдің тыныштығын сақтап, жоғары кәсіптілікті және асқан жауапкершілікпен қызмет жасап жүрген полиция қызметкерлерінің де еңбегі ерен. Жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді аудан әкімі.
Мұнан соң мерекеге орай туған жердің дамуы мен қоғамның тыныштығы жолында аянбай қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 10, 15 және 20 жылдық төсбелгілері, облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Алғыс хаты» және «Қызмет» салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыстады. Сонымен қатар жас мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсіміде өтті.
Салтанатты шара соңында аудан өнерпаздарымен қатар, өнерлі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері де өнер көрсетіп, жиылғандарға ерекше, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ сала ардагерлеріне аудан әкімінің мерекелік сый-сияпаттары тапсырылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз орталығы
22 маусым 2024 ж. 147 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031