Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ 11 шілдеде аяқталады

ҰБТ 11 шілдеде аяқталады

Биылғы оқу жылында өңіріміздегі 321 мектептің 11-сыныбын 9 236 түлек аяқтаса, оның 480-і «Алтын белгіге», 663-і жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды. Ал Ақтөбе облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мерзімі 25 мамырдан 11 шілдеге дейін жалғасады.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, Жоғары білім және ғылым министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің қатарында болған Ақтөбе облысының түлектері үшін тестілеу мерзімін 11 шілдеге дейін созған.

«Қазір аптаның әр күнінде тест орталығында сынақ өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін қанша түлегіміз ҰБТ тапсырды, қаншасы енді тапсырады деген сұраққа жауап бере алмаймыз. Бізге ондай мәлімет түспейді. Өйткені ҰБТ өткізуге ұлттық тестілеу орталығының мамандары жауапты, тест тапсырғандарға қатысты барлық дерек сол жерде сақталады. Облыстық білім басқармасының қызметкерлері 2017 жылға дейін ҰБТ қорытындысы бойынша өңірдегі мектептердің білім сапасына талдау жасап жүрді. Өйткені тестілеу қала мектептерінде жүргізілетін. Ал, 2022 жылдан бастап тестілеу форматы түбегейлі өзгеріп, «Бір тестіленуші – бір компьютер – екі камера» ережесімен тапсыру жолға қойылғаннан бастап, барлық жауапкершілік Ұлттық тестілеу орталығына жүктелді», дейді Н.Бертілеуова.

Ақтөбе облысында екі тестілеу орталығы ашылған. Бірі облыс орталығында, екіншісі – Шалқар қаласында. Өңірімізде мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға тіркелуі 6 мамырда басталды. Оған 8 342 (барлық мектеп бітірушілердің 90,2%-ы) түлек екі мүмкіндікпен тапсыруға 16 556 өтініш жазған. Одан өзге өткен жылдары мектеп, колледждерді аяқтаған 994 бала толық оқу мерзіміне оқуға, ал 289 колледж түлегі қысқартылған оқу мерзіміне білім грантын алуға өтініш жазыпты. Биылғы ұлттық тестілеуде төрт пән бойынша 120 сұрақ қамтылған: «Қазақстан тарихы» пәнінен – 20, «Оқу сауаттылығынан» – 10, «Математикалық сауаттылықтан» – 10 тапсырма және түлек таңдаған екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма жүктелді.
25 маусым 2024 ж. 94 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031