Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2022: 215 талапкер сынақ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-2022: 215 талапкер сынақ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеде аяқталады. ҰБТ басталғалы 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның аралық нәтижесін жариялады. Ресми мәлімет бойынша, бүгінге дейін түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 24,8 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде сынақ тапсырған.

Шекті балды 67 пайызға жуық талапкер ғана жинай алған. Орташа балл – 66 балды құрады.

Бүгінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 215 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 199 түлек аудиториядан шығарылып, емтихан нәтижелері жойылған.

«Тестілеудің бесінші аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Жалпы, негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 290 мыңға жуық өтініш келіп түсті, олардың ішінде 160 мың өтініш бірінші мүмкіндікке, 130 мың өтініш екінші мүмкіндікке берілген. Бүгінде 170 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін пайдалана бастады. Өткен аптамен салыстырғанда орташа балл 1 балға жоғарылады», – деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
20 маусым 2022 ж. 705 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031