Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 15 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпаратты үміткер жеке кабинетінен алады. Ал, кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының мамандығына сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады. 2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға – 50 балл. «Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен тест тапсырудан босатылады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуде.