Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші маусым күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталады

Бірінші маусым күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталады

Бүгін, яғни бірінші маусым күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәлімет бойынша, тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді.
Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде ұсынылады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.
"Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, ал бейінді магистратураға 50 балл . Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады.
2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді.
01 маусым 2023 ж. 305 0

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930