Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕУРО-2024: Франция тең түсіп, Украина жеңіске жетті

ЕУРО-2024: Франция тең түсіп, Украина жеңіске жетті

Фото: Gettyimages.ru
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында D және E тобындағы құрамалар екінші кезең аясындағы ойындарын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еуропа чемпионатының D және E тобына түскен құрамалардың ішінде әлі қайсысы плей-офф кезеңіне шығатыны анықталған жоқ. D тобындағы Франция мен Нидерланды құрамасы өзара мықтыны анықтай алмай, тең түссе, Аустрия құрамасы Польшаны 3:1 есебімен ұтты. Аустрия құрамасы 9-минутта есепте алға шығып, Гернот Траунернер көзге түсті. Дегенмен польшалықтар 30-минутта есепті теңестірді. Кшиштоф Пентек Польша құрамасындағы жалғыз голдың авторы атанды.

Ал екінші таймда Аустрия құрамасындағы Кристоф Баумгартнер мен Марко Арнаутович гол соғып, командасына плей-офф кезеңіне шығу үмітін сыйлады. Қазір D тобында Франция мен Нидерландыда 4 ұпайдан болса, Аустрияда 3 ұпай бар.
Е тобындағы алғашқы матчтында жеңіліске ұшыраған Украина құрамасы да екінші матчын Бельгияны ұтып кеткен Словакияға қарсы өткізді. Ойынның 17-минутында Иван Шранц украиналықтарға гол соғып, Словакияны алға шығарған еді. Бірақ екінші таймда Николай Шапаренко и Роман Яремчук көзге түсіп, Украина құрамасына жеңіс сыйлады. Осылайша бұл топта да нақты қай құраманың плей-офф кезеңіне шығатыны әлі нақты анықталмады. Мәселенің барлығы үшінші матчта шешіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Испания Италияны ұтып плей-офқа шықса, Англияның Даниямен тең түскенін жазған едік.
22 маусым 2024 ж. 186 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031