Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Польша тең түсті

Футболдан Еуропа чемпионаты: Испания мен Польша тең түсті

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Испания мен Польша кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Еске салсақ, аталған екі құрама Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Швеция мен Словакия. Алғашқы турда Польша Словакияға 1:2 есебімен жол берсе , Испания Швециямен 1:1 есебімен тең түсті. Испания мен Польша бұған дейін 12 мәрте кездесті. Оның 8-інде испандар жеңіске жетіп, 3-еуінде польшалықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Бүгінгі кездесуде алдымен испандар есеп ашты. Ойынның 25-минутында Альваро Мората Испанияны алға шығарды. Бұдан кейін 54-минутта польшалық Роберт Левандовски таразы басын теңестірді. Ал 58-минутта испаниялық Жерар Морено пенальтиді мүлт жіберді. Кездесуде құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Аталған кездесумен екінші тур ойындары түйінделді. Енді 20 маусымда А тобындағы құрамалар 1/8 финалға жолдама кімдерге бұйырғанын анықтайды. Айта кетейік, енді аталған топтағы үшінші тур ойындары 23 маусымда өткізіледі. Бұл күні Испания мен Словакия, Швеция мен Польша құрамалары шеберлік байқасады.
20 маусым 2021 ж. 2 564 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 54

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 41

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 55

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 54

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 56

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031