Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕУРО-2024: Е тобындағы алғашқы матч жеңімпаздары анықталды

ЕУРО-2024: Е тобындағы алғашқы матч жеңімпаздары анықталды

Фото: dynamo.kiev.ua/
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының Е тобында өнер көрсететін құрамалар алғашқы ойындарын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропа чемпионатының Е тобына түскен Украина құрамасы Румыниядан ойсырай ұтылды. Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өткен матчта румындар жауапсыз 3 гол соғып, чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірінші таймның 29-минутында Николае Станчу есеп ашса, екінші таймда Рэзван Марин мен Дэнис Дрегуш есепті еселеді. Осылайша Румыния алғашқы ойында жеңіске жетіп, үш ұпай иеленді.

Дәл осы топта тағы бір сенсациялық нәтиже тіркелді. Бельгия құрамасы 0:1 есебімен Словакиядан ұтылып қалды. Матчтың 7-минутында Иван Шранц гол соғып, командасын алға шығарды. Словакиялық футболшылар осы басымдықты матч соңына дейін сақтап, Еуропа чемпионатын сәтті бастады. Ойын барысында бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукакудың екі бірдей голын төреші есепке алмады. Сөйтіп Е тобында Румыния мен Словакия құрамасы турнирлік кестенің көшін бастады.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жеткен құрамалар туралы жазған едік.
17 маусым 2024 ж. 87 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031