Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хоккей: Қазақстан құрамасының «тағдыры» кімнің қолында

Хоккей: Қазақстан құрамасының «тағдыры» кімнің қолында

Бүгін Канада/Финляндия, Германия/Латвия құрамалары арасында маңызды кездесулер бар. 

Қазақстан құрамасы Ригада өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының В тобындағы шешуші матчында Норвегия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылды. Дегенмен, Қазақстан құрамасының тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіне мүмкіндік бар.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі соңғы матчын жеңгенде, плей-офф кезеңіне сөзсіз шығатын еді.

Топтық кезеңді жеті ұпаймен аяқтаған Қазақстан құрамасында плей-офф кезеңге өтуге бір мүмкіндік қалды. Бұл енді бүгін өтетін өзге командалар ойнына байланысты болады.

Германия, Латвия, Канада құрамалары топтық кезеңдегі көрсеткіші бойынша Қазақстаннан 1 ұпайға қалып тұр және олардың бір матч өткізетін мүмкіндігі бар.

Егер, Канада құрамасы соңғы кездесуінде жеңіске жететін болса, «үйеңкі жапырақтар» топта 11 немесе 12 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алады. Германия – Латвия кездесуінде де жеңімпаз 11 немесе 12 ұпай жинап, Қазақстанның алдын орайды.

Ал, бүгін Канада құрамасы соңғы әлем чемпиондары Финляндиядан матчтың негізгі уақытда ұтылса, онда Қазақстан құрамасына тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіне зор мүмкіндік бар.

01 маусым 2021 ж. 3 068 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды