Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төл газеттің тұрақты оқырманы

Төл газеттің тұрақты оқырманы


Қазір «Қазалы» газетіне жазылу науқаны жүріп жатқан уақыт. Көзі қарақты оқырман аудан жаңалықтарының жаршысына жарыса жазылуда. Осы ретте, аудандық басылымға қариялардың асыға жазылатынын айта кеткеніміз жөн. Күннің аптап ыстығына қарамай редакциямызға келіп, оқитын газеттеріне бірінен соң бірі жазылып жатқан оқырманымызды әңгімеге тарттық.
Ол – газеттің тұрақты оқырманы Рахмет Тоғысов еді. 1942 жылы Қазалыда дүниеге келген жанның есімі аудан жұртшылығына етене таныс. Өйткені ақсақал өмірінің жарты ғұмырын, 48 жылын жарық саласында қажырлы еңбегімен өткізген. Бүгінде ол зайыбы Пәтимамен 6 перзент сүйіп, немере-шөберелерінің қызығын көріп отыр. Атаны алғаш әңгімеге тартқанда, оның сондай ақ көңілді пейілін аңғардық. Ә дегеннен-ақ әңгімесін әріден бастаған ақсақал аудандық газетті 1962 жылдан бастап оқитынын айтты.
– Жаңа саны шыққан сайын бірінші болып оқуға тырысамын. Газетті қолға ұстап, иісін сезіп оқығанға не жетсін?! Ой-өрісің кеңейіп, жан-дүниеңді байытады. Әсілінде, шағын экранның арғы жағындағы кейбір жұтаң дүниелерді көргеннен ел ішіндегі жаңалықты, елеулі оқиғаны, рухани-танымдық мақалаларды газет арқылы қолыңа ұстап оқығанның орны тым бөлек. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өспесін десек, газеттен бас тартпауымыз керек. Қазір қағазға басылған ақпараттардың қоғамдағы рөлі зор. Газетте жарияланған материалдар сенімді, орнықты. «Қазалы» газеті несімен ұнайды дегенде, ең әуелі оның қаз-қалпындағы әңгімелері жарық көретін беттерін айтар едім. Қызықты әңгімелер, жергілікті авторлардың шығармалары, өлеңдері жиі жарық көріп жүр. Бұрын білмегенімізді осы газет беттерінен тауып аламыз. Газеттің қоғамдағы орнын теледидар, радио, интернет те толықтыра алмайды, – дейді тұрақты оқырман.
Иә, көпшілікке қазір қолымыздағы смартфонсыз, ондағы ғаламторсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Себебі де сол шұғыл ақпартты осы әлеуметтік желіден таба алады. Дегенмен «Интернет ақтарғаннан гөрі газет-журнал оқыған әлдеқайда ыңғайлы» дейтіндер де аз емес.
Баспасөзге жазылу – ерікті. Бүгінгідей оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде боямасыз ақпарат алғысы келген халық газетке жазылудан қалыс қалмасы анық. Өңір өмірі – басылым беттерінде.

Айнұр ӘЛИ
18 маусым 2024 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031