Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бір белес және биік меже

Бір белес және биік меже

Биыл – «Сыр медиа» ЖШС-на 10 жыл толды. Ақпарат айдынында өзіндік орны бар, бәсі биік медиахолдинг облыс әкімдігінің қаулысымен 2010 жылдың 7 маусымында «Сыр медиа» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорн болып құрылды. Басты мақсат – тиімді басқару жүйесін қалыптастыра отырып, газеттің сапасын көтеру, материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және басылымдардың уақыт сұранысына сай электрондық қызметін кеңейту болатын.
Алғашқы жылы серіктестікке облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері бірікті. Бұлай бір шаңыраққа бірігу басылымдардың мүм­кін­дігін арт­тыруға оң әсерін тигізді. Оқырман сұранысына сай газет шығаруға мүм­кіндік туды. Көпшіліктің көзайымына айналған қос басылымға түрлі-түсті әсем бейнеде өз өнімдерін қаз-қал­пында ұсынуға жол ашылды. 2012 жылдың 20 наурызында «Сыр медиа» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі мәртебесіне ие болды. Бүгінде шығар­машылық ордасында  600-ге жуық адам еңбек етеді. Сондай-ақ, қазір құрамында аудандық, қала­лық, облыстық басылымдар мен баспаханадан бөлек, «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі, «Рухани жаңғыру» орталығы бар ірі құрылымға айналды.
Ең бастысы, 2013 жылы серік­тестік әсем де сәнді ғима­ратқа көшті. Оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің есімі берілді. Мұнан кейін қалалық, ау­дан­дық басылымдар да бір арнаға тоғысты.
Серіктестіктің құрылуы  аймақ журналистикасына тың серпіліс әкелді. Танымдық, рухани тұр­ғыдан толысып, басылым­дардың  көркемдік, сапалық деңгейі өсті. Сондай-ақ, 2008 жылы бастау алған  қос газеттің электронды нұсқасы заман талабына сай жандана түсті. Сайт беттерінде газетте шыққан мақалалармен бірге күнделікті республикалық, халықаралық жаңалықтар сілте­мемен беріліп отырды. Ел ішінде қызу талқыланған тақырыптар да сайт бетінен орын алды. Газет аптасына үш рет шықса, ал сайтқа күнделікті 24 сағат бойы оқырманға тың жаңалықтар ұсынды.
Қазіргі күні көзі қарақты оқырманның талғамынан шығу оңай емес. Оның үстіне, медиа­нарық талабы күн сайын түрленіп отыр. «Сыр медиа» серіктестігі заман талабына сай болу үшін игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – серіктестікке қарасты ақпарат агенттігі мен басылымдардың сайттарын түрлендіру немесе редизайн жасау. Бұл бағытта басылымдар да түрлі жұмыстар қолға алынып, жаңа кейіптегі сайттар іске қосылды.
Медиахолдингтің үлкен жетістігі – серіктестіктің өз баспаханасы. Бұрын жеке баспаханада басылып жүрген жергілікті газеттер 2013 жылдан бастап бір жерден шығарылу мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі таңда онда 7 аудан, 1 қалалық және 3 облыстық газет басылады. Одан бөлек алыс-жақын аймақтардың газеттерін қосқанда  30-дан аса басылым осы баспаханада басылып, жер-жерге тарайды. Заманауи құрылғының жетістіктерін ескерсек, қазіргі таңда газет басу жұмысы әлдеқайда жеңілдеген. Себебі, медиахолдингте немістің «CITYLINE EXPRESS» баспа станогы жұмыс жасайды. Үндістаннан әкелінген қондырғы А2 және А3 форматтағы 40 беттік газетті, оның ішінде 16 бетін толық түрлі-түсті етіп 1 сағатта 35 мың данамен шығара алады. Баспахананың газетке пайдаланылатын қағаздан бөлек, тығыздығы 65 мг-дық офсеттік ақ қағазбен басуға да мүмкіндігі бар.
Газетті таратудың өзі – үлкен жұмыс, қажырлы еңбек. Жаңалықтарды күтіп отыратын тұрғындарға бұрын «Қазпошта» АҚ таратып келген болса, 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Сыр медиа» басылымдарын таратуды өз қолына алды. Өйткені, газет – тауар. Ол тұтынушыға уақытылы жетуге тиіс және оқырман ақпаратты дер уақытында оқу қажет. Бұл бір жағынан газетке жазылым бағасын өсірмеудің жолы болатын.
Бүгінде басылымның құрамдас бөлігі болып табылатын газет тарату бөлімінде 250-ге жуық адам жұмыс жасап, облыс жаңа­лықтарын жер-жерге жет­кізуде.  Газет редакциядан бас­па­ханаға өтіп,  басылым маши­надан түп­теліп шыққан соң сұ­рып­тау­шылардың қолына тиіп, әрі қарай өз оқырмандарына жол тартады.
Жалпы, жыл өткен сайын баспасөз саласының мамандары да газет-журнал сапасына мән беріп, жаңа технология дәуірінің мүмкіндіктерін басылым бет­терінен көрсетуге тырысуда. Бұл баспахана қызметіне деген сұраныстың артқандығын біл­дірсе, бір жағынан  Сыр журналистикасындағы қарашаңырақ «Сыр медиа» ЖШС-на артылған жауапкершіліктің зор екенін көрсетеді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы»
28 маусым 2020 ж. 1 103 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930