Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "3 адам инфекция жұқтырған": Американың 10 штатында құс тұмауы анықталды

"3 адам инфекция жұқтырған": Американың 10 штатында құс тұмауы анықталды

Фото: pixabay.com
Америка билігі елде сүт пен мал етін сатуға шектеу енгізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттгі Minnesota Reformer басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Миннесота – жануарлардан құс тұмауы анықталған оныншы штат. Бұған дейін індет Колорадо, Айдахо, Канзас, Мичиган, Нью-Мексико, Солтүстік Каролина, Огайо, Оңтүстік Дакота және Техас штаттарында тараған еді.

Американың ауыл шарушылығы министрлігі ірі қарадан 17 мыңнан астам сынама алды. Нәтижесінде 67 табын індет жұқтырған.

Өткен аптада 40-тан астам адамнан H5N1 түріндегі құс тұмауына сынама алынды. Мичиганда екі адам, Техас штатында бір адам құс тұмауын жұқтырғаны белгілі болды. Аталмыш штамм мысықтардан да анықталды. Сол себепті сарапшылар адамдарға үй жануарларын құстардан алшақ ұстауын ескертеді.

Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды – ДДСҰ
60% жағдайда өлімге әкеледі: Мамандар құс тұмауының адамдар үшін қаупін айтып дабыл қақты
“Біз бұл індеттің табиғатын жақсы білеміз. Қандай вирус және оның таралуына не себеп екені бізге аян. Қазір барынша бұл індетті жойып жіберуге тырысып жатырмыз”, – дейді ауыл шаруашылығы министрі Том Вилсак.

АҚШ фермаларындағы сиырлар мен оның сүтінен сынама алынып жатыр. Құс тұмауын жұқтырған сиырлардың сүтінде вирус көп болады. Десе де мамандардың айтуынша, инфекция жұқтырған сиыр 14-15 күн ішінде жазылып кетеді. Ал құс тұмауын жұқтырған тауықтар мен күркетауықтар көп жағдайда өліп қалады.

Бұған дейін Қазақстанға шетелден әкелінген еттен инфекция анықталған еді.
10 маусым 2024 ж. 219 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930