Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдан тағы бір қауіпті вирус шықты

Қытайдан тағы бір қауіпті вирус шықты

Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 жұқпалы құс тұмауы тіркелді. 
Аталған провинция Хубэй провинциясымен шекаралас. Жоғары патогенді құс тұмауы фермалардың бірінде табылды. Ауру салдарынан онда барлық қанаттылардың жартысынан астамы қаза болды. Адам жұқтырғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.
Құс тұмауы (H5N1) вирусынан туындайтын жұқпалы инфекциялық ауру. Ол қалтырау, температураның 38 градусқа дейін көтерілуі, бұлшық ет және бас аурулары, тамақтың ауыруы сынды белгілермен басталады. Сондай-ақ, жұқтырған адам бірнеше рет құсуы да мүмкін. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін ылғалды жөтел пайда болады, жиі қан кетіп, ентігеді. Содан кейін тыныс алу қиындап, бауыр, бүйрек және ми зақымдануы мүмкін. Құс тұмауы тез таралып, өлім қаупі жоғары.
Адамға берілу жолдары: тірі немесе өлі құстармен тығыз байланыста болғанда және ауру құс еті мен жұмыртқасын жеткілікті термиялық өңдеусіз тамаққа қолданғаннан кейін жұқтырады.
02 ақпан 2020 ж. 1 001 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031